Шәкен Оңалбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәкен Оңалбайұлы – (1937 жыл, ҚХР, Алтай аймағы, Қаба ауданы) – ақын.

Еңбек жолы

Шыңжаң тіл-жазу комитетінде бөлім бастығының орынбасары, “Шұғыла” журналының бас редакторы, 1989-97 жылдары Шыңжаң әдебиет-көркемөнершілер бірлестігі төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. Ақынның “Жылдар сыры” (1979), “Бүркітші” (1984), “Жарқын жол” (1985), “Жасыл әлем” (1988), “Замандас” (1989), “Саяхатшылар” (1988), “Туған жерге, өлең жырға, сүйген жарға махаббат” (1990), “Бәйге” (1998), т.б. өлең кітаптары жарық көрді.<ref> Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Аруна LTD." ЖШС, 2010. - 576 б. ISBN 9965-26-096-6 </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер