Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов (1896, бұрынғы Ақмола губерниясы, Петропавл уезі, Мамлютка ауылы – 1938) – қайраткер, саяси қуғын-сүргін құрбаны. 1911 жылы Белое селосындағы 2 сыныптық мектепті бітірген. 1-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Азамат соғысы кезінде партизан жасағының құрамында ақтарға қарсы күресті. 1919 – 23 жылдары Мамлютка селолық кеңесінің төрағасы және болыстық атқару коммитетінің хатшысы, 1923 – 25 жылдары Төңкеріс ауданында болыстық коммитеттің хатшысы, Петропавл уездік партия коммитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі болды. 1925 – 26 жылдары Мәскеуде партия қызметкерлерін даярлайтын курста оқып, 1926 жылы Петропавлда, 1927 – 28 жылдары Ақмолада уездік партия коммитетінің хатшысы, 1928 – 29 жылдары Сырдария губерниясы коммитетінде бөлім меңгерушісі, 1929 – 30 жылдары Адай және Қарқаралы округтік коммитеттерінде жауапты хатшы қызметтерін атқарды. 1930 – 31 жылдары марксизм-ленинизм курсының тыңдаушысы, 1931 – 33 жылдары ххМәскеуъъде Қызыл профессура институтында оқыды. 1933 – 34 жылдары Алматы Жоғары коммунистік ауыл шарушылығы мектебінің ректоры, 1934 – 37 жылдары КСРО Жоғарғы соты Қазақ бөлімінің төрағасы, Қазақ КСР-і Жоғарғы сотының төрағасы, Қазақ АКСР-і әділет халық комиссарының орынбасары болды. 1937 жылы желтоқсанда тұтқындалып, ату жазасына кесілді. 1964 жылы желтоқсанда ақталды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шәймерден Бейсенбайұлы Бектұрғанов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}