Шұрық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шұрық – мал жайылымдық шұрат жер. Алматы облысы Көксу ауданы, Кербұлақ аудандары малшыларының күзгі және көктемгі мал жайылымы. Алғабас ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км жерде. Негізінен шөлге төзімді изен, жүзгін, жусан, бетеге, теріскен, ақселеу, ебелек, сай-жыраларда бидайық, қарабас өседі. Топырағы бозғылт сұр әрі құмайтты. Осыған байланысты көктемгі қар суынан, жазда-күзде жауған жаңбырдан жер беті оңай бұзылады. Жауыннан кейін сай, ор-шұңқырлар пайда болады. Осындай ерекшелігіне байланысты аты да “Шұрық” деп аталған. 1921 – 1922 ж. Қазақстанда жүргізілген аграрлық реформа тұсында осы шұрықта болған оқиға туралы жазушы К.Тоқаевтың “Шұрық шұратында” деген деректі әңгімесі бар.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шұрық|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}