Шүкірбай Асанов
Шүкірбай Асанов<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1940 – 1997, Маңғыстау ауданы,Шайыр ауылы ) – комсомол, партия қызметкері. ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген (1962). 1963 – 1971 жылдары ЛЖКО ауданы комитетінде мектеп бөлімінің меңгерушісі, Маңғыстау ауданы комсомол комитетінің 1-хатшысы, аудандық партия комитеті ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, 1972 – 1978 жылдары Форт-Шевченко қаласы Маңғыстау, Ералиев аудандық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, 1978 – 1996 жылдары Ералиев аудандық халықтық бақылау комитетінде басшы, аудандық кеңес төрағасының орынбасары, «Қазақмұнайгазқұрылыс» кадр бөлімінің бастығы, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кадр бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. «Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбекте үздік шыққандығы үшін» медальдарымен, бірнеше грамоталармен марапатталған.
Дереккөздер
<references/>