Шыңғыснама

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шыңғыснама” – Хорезм тарихшысы Өтеміс қажының түркі тілінде жазған тарихи шығармасы. Шығарма шамамен 16 ғ-дың орта кезінде жазылған. Жошы әулеті тарихы баяндалады. Қолжазбаның жалғыз данасы Өзбекстан ҒА-сында сақтаулы. Еңбек жартылай сақталып, Тоқтамыс туралы айтылатын жылдармен тәмамдалған. Алғысөзіне қарағанда, автор “Шыңғыснаманы” өзі өмір сүрген кезеңге дейін жеткізбек ниетте болған. Шығарманың Қыпшақ даласындағы Жошы әулетінің билік құрған кезеңін баяндайтын тарауы негізінен аңыз, әңгіме тұрғысында сипатталады. Дегенмен, көптеген тарихи мәліметтер нақты деректерге сүйеніп жазылған. Автор географиядан едәуір хабардар болып, өзі Хорезмнен Еділге дейін, одан әрі Каспий бойымен оңт-ке саяхат жасаған. В.В. Бартольд осы қолжазбаны зерттей келіп, оның біржақтылық бағытын атап көрсетеді. Өйткені ол Шайбани әулеті билеушілеріне көбірек тоқталып, олардың басқа әулеттерден артықшылықтарын баса көрсетіп отырады. Соған қарамастан “Шыңғыснама” Оңтүстік және Батыс Қазақстанның 13 – 14 ғ-лардағы тарихы жазылған құнды еңбек. <ref>Бартольд В.В., Отчет о командировке в Туркестан, Соч., т. 8, М., 1973</ref> Утемиш-хаджи, “Чингиз-наме”, А., 1992.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер