Шықшыт безі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шықшыт безі (околоушная железа); (glandulae parotis, лат. glandula — без, parotis — құлақ түбі) — ауыз қуысына сілекей бөлетін күрделі көпіршікше-түтікше без. Шықшыт безі құлақ маңында орналасады. Ол көптеген бөліктерден тұрады. Без өзегі жақаралық кеңістікпен алға қарай бағытталып, төменгіжақтын тамырлы ойығы арқылы жақтың сыртқы бүйір бетіне шығады да, 4-азу тістерінің деңгейінде ұрттың кілегейлі қабығындағы бүршікке ашылады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>
Дереккөздер
<references/>