Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің практикалық қазақ тілі кафедрасы 24.05.1994 жылы ашылды. Кафедра меңгерушісі: филология ғылымының кандидаты доцент Ж. А. Шайдарманқызы. Кафедра университет бойынша мемлекеттік тілді дамыту саласында және Тіл туралы заңын жүзеге асуына арналған жұмыстарды атқарады. Кафедра ұжымының ұйымдастыруымен "Қыз сыны", "Жігіт сұлтаны" атты қалалық сайыстар өткізді. 1996 жылы қараша айында алғаш рет орыс аудиториясындағы қазақ тілі бойынша, орыс топтары студенттер арасында олимпияда ұйымдастырылды. Кафедра облыстық, қалалық қазақ тілі қоғамдарымен, мұғалімдерінің білімін жетілдіру институтымен, облыстық білім беру департаменттерімен тығыз байланыста жұмыс істейді. Кафедра ұжымы "Мемлекеттік тілдік тиімді оқыту жолдары" атты тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстары жүргізуде. Осы тақырыпта 10 мақала жарық көрді. Кафедрада 2 аспирант, 3 ізденуші еңбек етеді.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}