Шығыс Мұғалжар антиклинорийі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шығыс Мұғалжар антиклинорийіАрал теңізінің солтүстігінде орналасқан аса ірі геологиялық құрылым. Ол батысында Магнитогор антиклинорийінің оңтүстік бөлігімен, шығысында Ырғыз (Шығыс Орал) синклинорийімен шектелген. Жоғарғы протерозой және төменгі палеозой тау жыныстарынан, геологиялық жасы әр түрлі гранитоидтардан құралған. Шығыс Мұғалжар антиклинорийі Оралдағы Орал – Тобыл антиклинорийінің оңтүстік жалғасы болып саналады. Ол көршілес синклинорилермен аса терең жарылымдар арқылы түйіседі. Ұзындығы 200 км-ге жуық, ені 50 км. Пішіні асимметриялы; шығыс бөлігінде ортаңғы-жоғарғы палеозой құрылымдары кеңінен дамыған. Шығыс Мұғалжар антиклинорийі ұсақ қатпарлықтарға жиырылып, жарылымдармен тілінген, тізбектеле орналасқан біршама ірі антиклиналдар мен синклиналдардан тұрады. Мұнда оңтүстіктен солтүстік, солтүстік-шығысқа қарай созылған Қарасай антиклиналы, Қарабұтақ антиклиналы сияқты құрылымдар бар.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}