Шығарманың психологиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Шығарманың психологиясы

Шығарманың психологиясы - суреткерлік өмірді танудағы, мәдени байлықты жасаушы ретіндегі жеке психологиясы, жаңа бір туындының қиялда туғанынан бастап, оның аяқталуына дейінгі динамика, яғни көркем шығарма жасаудағы жалпы және жекелеген заңдылық процесі, шығарма психологиясын зерттейтін әдеби, ғылыми көзқарас. Шығарманың психологиясының жалпы психологиядан өзгешелігі жазушының шындықты бейнелеу процесін жете үйрену және оларды ерекше бір көркемдік түрде жүзеге асыра білуі, сондай ақ жазу тәсілінде психологиялық принципте тек психологиялық тұрғыдан ғана келмей, әдебиеттану, эстетикалық және басқа да іргелес қажетті пәндерді тиімді пайдалана білуде болса керек. Шығарма психологиясы теориялық тұрғыда шығармашылық процестің кейбір заңдылықтарын ашуға мүмкіндік жасайды.

Дереккөздер

<ref>Қазақ әдебеті энциклопедиялық анықтамалық - Аруна баспасы - Алматы - 2005ж.</ref>