Шынжырлы тұқым

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шынжырлы тұқымбатыршылдыққа қатысты атау. Жаугершілік заманда батырлар үшін әскери кәсіп ата кәсіп саналып, әкеден балаға мұра болған. Батырлар әулетінде туған бала жастайынан ел үшін соғысқа араласып, әскери кәсіппен айналысуға міндетті болған. Батырлық жырлардағы Ер Қосай, Ер Тарғын, Қобыланды, 17 – 18 ғ-лардағы Райымбек, Бөгенбай, Қабанбай, 19 ғ-дағы Исатай, Жанқожа, 20 ғ-дағы Амангелді, тағы басқа батырлар бәрі де ата-бабаларынан ұрпағына дейін батыр болғандар. Қазақта мұны шынжырлы тұқым деп атаған. Осылай ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпағына жалғасуын “шынжыры үзілмеу” деп атайды. Жаугершілік кезінде батырлар әулеті үшін ата кәсібін жалғастырмау масқаралық болып саналған. Сондықтан батырдың балаларының 13 – 15 жастан соғысқа қатынасып, жорыққа аттанғаны эпостарда, тарихи жырларда айтылады. Шынжырлы тұқым, “шынжырлы ер”, “шынжырлы туған”, “шынжыры үзілмеген” сияқты сөздердің ауыз әдебиетінде жиі кездесуі, бұл ұғымның тұрақты ұғым, қалыптасқан түсінік екенінің дәлелі. Қазақта 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың бас кезінде ірі байларға қатысты айтылатын “шынжыр балақ, шұбар төс” деген сөз тіркесі ертеде әйгілі батырлар әулетіне қатысты шыққан. Әр буынында бүкіл қазаққа әйгілі батырлар шыққан Шыжырлы тұқым қазақ халқында көп болған.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шынжырлы тұқым|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер

Ахметжанов І., Жараған темір кигендер, А., 1996.