Шымтезек түрлерінің жіктемесі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шымтезек түрлерінің жіктемесішымтезектер бастапқы өсімдік материалының сипатына, шымтезек жаралу жағдайларына және оның физикалық-химиялық қасиеттеріне сәйкес төмендік (ойпаңдық), аралық (өтпелік) және жоғарғы типтерге жатады. Әр типте орман, орман-батпақ және батпақ типшелері бөлінеді, олар ағаш қалдықтарының құрамы мен олардың ыдырау дәрежесіне (45-60% және одан да көп) байланысты. Батпақтық типшелер субстраттың суға өте қанық жағдайында түзілетіндіктен, ыдырау дәрежесі өте төменділігімен (5-25, кейде 40-45%) сипатталады. Шымтезек типшелері топтарға, ал әр топ 4—8 түрге бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала

Үлгі:WikifyҮлгі:Geology-stub