Шымкент уезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шымкент уезі – 1867 жылы 11 шілдеде жарияланған “Жетісу, Сырдария облыстарын басқару жөніндегі уақытша ережеге” сәйкес Түркістан генерал-губернаторлығына қарайтын Сырдария облысының құрамында ұйымдастырылған әкімшілік-аумақтық бөлік. Шымкент уезі оңтүстігінде Ташкент уезімен шектесіп, солтүстік жағынан Шу өзеңін кесіп өткен. 19 ғ-дың басында уезд құрамындағы 28 болыста 540 ауыл болды. 1908 ж. уезді 250794 қазақ, 11 мың орыс, 41350 өзбек мекендеді. 19 ғ-дың аяғында Шымкент уезінің тұрғындары мал шаруашылығымен қатар Арыс, Сырдария, Келес, Шаян, Бөген, Арыстанды өзендерінің бойына дәнді дақыл, бау-бақша егіп, отырықшы өмір сүрген. 1916 ж. уездің Георгиевка саудасында цемент заты, тағы басқа өндіріс орындары жұмыс істей бастады. 1928 ж. жаңа әкімш.-аумақтық аудандастыру шаралары жүзеге асырылуына байланысты Шымкент уезі жойылды.


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шымкент уезі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.