Шымкентмай акционерлік қоғамы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Шымкентмай» акционерлік қоғамы – Шымкент қаласындағы өсімдік майын шығаратын кәсіпорын. Алғаш 1942 ж. май экстракциялау зауыты болып құрылды. 1993 ж. ААҚ болып жекешелендірілген зауыт 2004 ж. АҚ болды. Кәсіпорын күнбағыс, мақта, мақсары, рапе, қышадан тазартылған, иіссіздендірілген 15 түрлі өсімдік майын алады, сондай-ақ мал жеміне қосатын құнарлы қоспа шығарады. Кәсіпорын өнімдері Қазақстаннан басқа Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Қытай, Дания, Голландия секілді елдерге өткізіледі.

Cілтемелер

"Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы"

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}