Шыжың (шежін) өзендері

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шыжың (Шежін) өзендеріЕділ мен Жайық аралығындағы өзендер. Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданы жерімен ағады. Бірінші Шыжың өзеннің ұзындығы 76 км, су жиналатын алабы 822 км². Жалпы Сырт қыратынан басталады. Жауын-шашын, жер асты суымен толығады. Орташа су ағымы 1,76 м³/с. Суы шабындықтарды суландыруға пайдаланылады. Екінші Шыжың өзеннің ұзындығы 82 км, су жиналатын алабы 1360 км². Көкше тауынан басталып, Бірқазан к-не 6 км-дей жетпей тартылып қалады. Жағасы жазық, аңғары құмайт. Жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 5 саласы бар. Желтоқсанның басында қатып, тамыздың бас кезінде мұзы түседі. Өзен суын елді мекендер пайдаланады.

Үлгі:Wikify

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы, 9 т.Үлгі:Stub