Шыбынжұт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шыбынжұт (amanita) (Amanita) — саңырауқұлақ түрі, 100-ге жуық түрі бар, оның ішінде кейбіреуі адамдар үшін улы болып келеді. <ref> Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

Саңырауқұлақтардың ішіндегі ең жойқын түрі – ірі ақ шыбынжұт (A. bispongera, A. ocreata, A. verna және A.virosa), бұл ормандарда жаздың және күздің жауынды күндері кездеседі. Ормандарда жазда немесе ерте күзде кездесетін жасыл немесе қоңыр немесе боз арамқұлақ (A.phalloides) та улы.

Жазда жайылымдарда және далаларда кездесетін қызыл шыбынжұт (A. muscaria) та улы, бір кездері оны шыбынға қарсы құрал ретінде пайдаланған. Жеуге жарамды түрлері де бар: цезарь саңырауқұлағы (A.caesarea), қызғылтым шыбынжұт (A. rubescens) және сары-қоңыр шыбынжұт (қалтқы) (A. vaginata). Сондай-ақ қараң.: Саңырауқұлақтың жеміс беретін денесі.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}