Шу көмір алабы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шу көмір алабы, Жамбыл облысында Балқаш көлімен батыс, оңтүстік-батысқа қарай 120–150 км жерде орналасқан. Мойынты – Шу темір жолынан 110–160 км жерде. Алап аумағынан Шу өзені ағып өтеді. Шу аңғарының солтүстік бөлігін алып жатқан алаптың көмірлі түзілімдері Қаракөл брахисинклиналінің солтүстік жақтау бөліктерінде ашылып, оңтүстік бағытта жастау түзілімдер астына 10–30°-тан 45° аралығында еңістенеді. Алаптағы алғашқы кен орны 1910 жылы ашылған. Одан басқа алаптағы кен орындарын барлау және түсірумен М.М.Юдичев, В.А.Бектасова, И.А.Хохлов, С.Г.Токмачева, Д.Қ.Дүйсенғалиев, т.б. айналысқан. Қалыңдығы 350–400 м болатын бастапқы визелік көмір түзілімдерінде ендік бағытта созылған брахисинклинальдік қатпарлар жасайтын бірнеше көмір қабаты бар. Шу көмір алабында Қаракөл, Александров, Қамқалы және Қасымтөбе кен орындары орналасқан. Жиынтық қалыңдығы 22 м көмірлі қабаттардың ең көбі (13) Қаракөл кен орнында анықталған. Алаптың көмірі – қара шірінділі тас көмір, маркасы ұзын жалынды, газдыдан майлы мен кокстіге дейін, бірігуі жұтаң, күлділігі жоғары (40–46%). Көмірінің қоры мол (Александровта – 1,7 млрд. т, Қаракөлде – 1,3 млрд. т), өте тереңде жатқандықтан өндіру әзірге тиімсіз және барлануы жеткіліксіз.<ref name="source1">Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шу көмір алабы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}