Шрифт
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шрифт, қаріп (немісше schrіft, schreіben – жазу) – белгілі бір әліпбидің, белгінің және цифрдың таңбасын түсіру үшін пайдаланылатын литералар жиынтығы. Ол негізгі үш қасиетке: суреті, пішіні (әріптің кескіні) және өлшемі (кеглі) бойынша ажыратылады. Баспаханалық Шрифттілер стандартты 6 топқа (бес негізгі және бір қосымша топ) бөлінеді. Әр топтағы сурет бірдей, бірақ кеглі мен әріп кескіні әр түрлі болып келген Ш-ілер жиынтығы Ш-ілер гарнитурасы деп аталады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том