Шпурдың сулы тығыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шпурдың сулы тығыны — жарып қопару жұмыстарында шаңға қарсы қолданылатын тәсіл. Әдетте шпурдағы жарылғыш затты нығыздап тығындау үшін қолданылатын саз балшықты сумен (полиэтиленді дорбадағы) алмастырады. Жару кезінде— атылған кезде су тозаңға айналып, пайда болған шаңды басады. Шаңның ауада азаюы сулы тығынның көлеміне байланысты болады. Су толтырылған полиэтиленді дорбаның ұзындығы 30 см, диаметрі шпур диаметрінен 1—3 мм кем болады. Сулы тығын шаңды басудың негізгі құралы емес, сондықтан қопарылған тау жынысын тиеу барысында пайда болатын шаңды қосымша су сеуіп басады. Сулы тығынның негізгі мақсаты жарып қопару кезінде шаң мен газдың тұтануына жол бермеу. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}