Шпицберген

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шпицберген, Грумант, Свальбард – Солтүстік Мұзды мұхиттың батысындағы аралдар тобы, Свальбард аралдар тобының негізгі бөлігі. Ірі аралдары: Батыс Шпицберген, Солтүстік-Шығыс Жер, Эдж, Баренц, т.б. Ауданы 62 мың км2. Жер бедері таулы, ең биік жері – 1712 м, Ньютон тауы. Батыс және солтүстік жағалаулары фьордтарға (Ис-фьорд, Вейде-фьорд, т.б.) күшті тілімделген. 35,1 мың км2-ден астам жерін (етегінен теңізге дейін) мұздықтар алып жатыр, көп жылдық тоң таралған. Төрттік кезеңнің жанартаулары (Сверре, Сигурд) және ыстық бұлақтар бар. Климаты арктикалық-теңіздік; шығысы қатаң, батысында Шпицберген жылы ағысы әсерінен салыстырмалы жұмсақ. Орташа температура жағалық бөлікте ақпанда –12С, шілдеде 4С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 315 мм. Арктик. шөл және тундра өсімдіктері (мүк, қына, ергежейлі қайың, т.б.) өседі. Сүт қоректілерден солтүстік бұғысы, полюс түлкісі, ақ аю, құстың 90 түрі кездеседі. Суы балыққа бай: гренландия итбалығы, нерпа, теңіз қояны, морж, кит тіршілік етеді. Солтүстік-Батыс Шпицберген, Форланн ұлттық саябақтары, Солтүстік-Шығыс Свальбард резерваты құрылған. Шпицберген топаралдарынан жоғ. сапалы тас көмір өндіріледі. Байырғы халқы жоқ; тұрғындары негізінен көмір өндіретін 1,2 мың норвег, 1,5 мың орыс азаматтарынан тұрады. 1925 жылы Шпицберген топаралы ресми түрде Норвегияның бөлігі болып жарияланды. Әкімшілік орталық – Лонгьир, порты – Баренцбург.


Пайдаланылған әдебиеттер

  • Қазақ энциклопедиясы,8 том

Үлгі:Тәуелді аймақтар {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}