Шоқан Әлмахамбетұлы Төлеш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеш Шоқан Әлмахамбетұлы. 1954 жылы 1 тамызда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Төлешев Әлмахамбет Төлешұлы, зейнеткер, ҰОС қатысушы, КСРО Еңбек сіңірген дәрігері, КСРО Денсаулық сақтау үздігі. Анасы - Төлешева Зияш Қасымқызы, зейнеткер, бухгалтер болған. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурт училищесінің мүсін факультетін (1978), мүсінші; Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының көркемсурет және графика факультетін бітірген (1984). ҚР өнер Академиясының академигі (2006 жылдан). Металлды өңдеу техникасымен жұмыс істейді - жылтырату, патина, құю. Материалы - қола, алюминий, күміс, жез,ағаш, әртүрлі тастар. «Қиялдаушы»(1997), «Томирис» (2000), «Қамыс сабағы» (2000), «Ойшыл» (2002) және т.б. жұмыстарының авторы. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі. 1970 жылдан - Алматы тәжірибелік керамика зауытының суретші-қыш бұйымдарын жасаушы. 1974 жылдан - Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурт училищесінің студенті. 1978-1980 жылдары - Алматының «Өнер» бейнелеу өнері комбинатының мүсіншісі. 1979 жылдан -Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурт училищесінің мүсін және композиция пәндерінің оқытушысы. 1988 жылдан - Т. Жүргөнов атындағы Қазақ ұлттық академиясының мүсін пәнінің оқытушысы. 1994 жылдан -«BNB» сәулет-құрылыс компаниясының мүсінші-дизайнері (Стамбул,Анкара қалалыры).

1997жылданбері-жеке кәсіпкер, шығармашылықжүмыста.1978 жылдан республикалық және халықаралық көрмелерінің қатысушысы. Швейцарияда (Базель қаласы, Сюрзей қаласы, Ратхаус, 1992), Лихтенштейн Княздығында (Вадутц қаласы, 1992), «Тенгри-Умай» галереясында (1993), Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының 60 жылдығына арналған көрмесі (1995), Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында (2002), «Алматы art» галереясы мен Астана қаладағы Президенттік мәдениет орталығында «Самғау» (2003), Алматы қаладығы орталық көрме орталығында «Полет» мерейтойлық көрмелері (2006) жеке көрмелерін өткізген. «Ұлар» галереясындағы «3+2» көрмөсі (1994), «Көпір» тұрақты жұмыстар көрмесінің (1996-1998), Лондон қаласы әзірбайжан және қазақ суретшілерінің ассоциациясындағы көрмесі (1999), қазақ суретшілерінің «Филипп Морис» компаниясындағы көрмесі (2000), ҚР Суретшілер одағының 60 жылдығына арналған көрмесі (2001), Мысырдағы халықаралық көрмесі (Каир қаласы, 2001), Ресейдегі халықаралық көрмесі (Мәскеу, 2002) көрмелерінің қатысушысы. Жұмыстары Қазақстанның (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, «Тәңірі-Ұмай» галереясы) АҚШ, Франция, Бельгия, Италия, Швейцария, Лихтенштейн Княжествосы, Ұлыбритания, Австрия және т.б. елдердің мемлекеттік мұражайларында және жеке коллекцияларында сақталуда. ҚазКСР Суретшілер одағының мүшесі (1986 жылдан), ҚР Суретшілер одағы басқармасының мүшесі.

Мысырдағы әлемдік суретшілер биенналесінің (Каир қаласы,2001), ұсақ пішіндер көрмесінің (Апматы қаласы) дипломанты. Алматы қаласы әкімінің алғыс хатын алған. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан өзінің табиғи байлықтарымен ғана емес, шығармашылық жетістіктерімен де танымал болады».

Хоббиі - нумизматика.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Еспергенова Таужан Сағынышқызы(1958 жылы туған), «Жетісу» газетінің суретші-графигі. Ұлы - Төлешев Қуаныш Шоқанұлы (1978 жылы туған), фирма директоры; қызы - Төлешева Ботагөз Шоқанқызы (1980 жылы туған), Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы.<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub