Шошқа немесе қаруланған цепень

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kopf bewaffneter Bandwurm-drawing.jpg
Шошқа немесе қаруланған цепень

Шошқа немесе қаруланған цепень (Үлгі:Lang-la)- тениоз ауруын қоздырушы паразит. Оның ересек формасы аш ішекте, ал финналары негізінен, бұлшықеттерде кездеседі. Сол сияқты, ол көзде, мида да кездеседі.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері

Ересек формаларының ұзындығы 2-3мм. Басы (сколекс) өте кішкентай (2-3мм), онда көптеген қармақшалар және 4 сорғыштары орналасқан. Гермафродитбуылтықтары квадрат тәрізді болады. Жатыр буылтықтың ортасына орналасып 2 үлкен және бір кішкентай бөлімдерге бөлінген. Көптеген аталық бездері проглаттиданың бүйір бөлімінде орналасқан. Жетілген буылтықтарда жатыр 7-12 тармақтарға тармақталған.

Тіршілік циклы

Түпкілікті қожайыны адам, ал аралық қожайындары адам және шошқа. Ауру адам фекалиясымен бірге жұмыртқаға толы жетілген буылтықтар сыртқа шығарылады. Жұмыртқаның әрі қарай дамуы үшін ол шошқа ішегіне өтуі керек. Әдетте, шошқалар лас, қоқыс, жерлерде жайылып фекалиялармен бірге паразит жұмыртқаларын жа жұтады. Қарында олардан 6 қармақшалы онкосфера түзіледі. Онкосфера қармақшалары арқылы ішек қабырғасын тесіп өтіп қан тамырларға енеді де, қанмен бүкіл денеге таралады, әсіресе қаңқа бұлшықеттеріне. Бұл жерде олар цистицерк типтес финнаға айналады. Финналар бұлшықеттерде ұзақ уақыт сақталады. Финналар түпкілікті қожайыны адам ішегінде ересек формаға айналады. Шала піскен шошқа етін жегенде адамдар финналарды жұқтырады.

Патогендік әсері

Механикалық зақымдау (өожайынның қоректік затын пайдалану) және улы аттармен улау. Тениоз кезінде асқорытудың бұзылуы, қаназдылық, жалпы әлсіздік байқалады. Тениоздың тағы бір қауіптілігі ол адамның түпкілікті және аралық қожайын ретінде болуы, яғни адамда финналық сатысының дамуы (цистицеркоз). Тениоз ауруымен ауырғанда адамдар лоқсып құсқанда тоқ ішектегі жетілген буылтықтар асқазанға, өңешке және жұтқаншаққа өтуі мүмкін. .Олардың кейбіреулерін адам кері жұтады. Асқазанда жұмыртқалардан онкосфера пайда болып, қантамыр арқылы көз, ми, бұлшықет ұлпаларында цистицеркке айналуы мүмкін. Бұл кезде тениоз цистицеркоз ауруына ұласады. Цистицеркоз өте қауіпті ауру, әсіресе ми цистицеркозы, ол өлуге алып келеді, көз цистицеркозы адамдарды соқыр етеді. Цистицеркозды тек хирургиялық жолмен емдейді.

Алдын алу шаралары

Жеке шаралар:

  1. піспеген, шала піскен шошқа етін жемеу;

Қоғамдық шаралар:

  1. санитариялық- ветеринарлық жұмыстарды дұрыс ұйымдасьыру;

Дереккөздер

<references/>

  • “Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998
  • "Медициналық биология және генетика"/Бас редактор С.А.Әбилаева, Е.О.Қуандықова- Алматы-Шымкент, 2004

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шошқа немесе қаруланған цепень|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}