Шошала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШОШАЛА, тошалақазақ халқының көне баспаналарының бірі. Құрылымы аңшы қосына ұқсас. Оны тұрғызу үшін іргетасын дөңгелек етіп қаластырып, үстіне 10 – 15 сырықтан түзілетін сүйір құрылғы орнатады да, ағаш бұтақтармен шабақтап, киізбен бекітеді немесе қамыспен жауып, лаймен сылайды. Төбесін көтеріп тұратын ортаңғы бөлігі жуан сырғауылдан немесе жіңішке дөңбектен төрт бұрыш етіп құрастырылады да, аяқ (төмнгі) тұсы жерге көміліп орнатылады. Үстіне киіз үй шаңырағына ұқсатып конус тәрізді шатыр орнатқан. Қабырғасын шым, қамыс, қамкесек, қыш, тақтатас, қойтас, саманнан қалаған. Ерте кездері төбесі ашық қалдырылып, одан ошақ түтіні шыққан. Сондай-ақ Шошаланың қырлы призма пішінді түрі де болған. Төбесінен түтін шығатын шаңырағы бар Шошала түрі шарбақ Шоашала деп аталған. Шоашаланың пошымы киіз үйге ұқсас, төбе жабыны уыққа келеді. Баспана түрі жетілдірілген кезде Шошала шаруашылық мақсаттарға (қойма, отынхана, т.б.) пайдаланылған. Шошалаға ұқсас баспаналар энеолиттік ботай мәдениетін қалдырған тайпаларда кеңінен таралғандығын археол. деректер дәлелдеді. Мұның өзі Шошаланың бірнеше мыңжылдық тарихы бар екендігін айғақтайды. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шошала|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}