Шора Нәрікұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шора Нәрікұлы, Шора батыр (туған жылы белгісіз – 15.8.1546, Қазан қаласы) – батыр, тарихи тұлға. Кіші жүздің Жетіру тайпалық бірлестігінің Тама руынынан шыққан. Оның шығу тегі жөнінде шежіре-аңыздар көп, сондай-ақ “Шора батыр” және “Нәріктің ұлы Шора” атты жыр-дастандар халық жадында сақталып, хатталған. Осы әдеби мұралар мен орыс жылнамаларында 15–16 ғасырларда Тама руының Қазан қаласы маңын жайлағаны баяндалады. Туысқан татар халқы да Шора Нәрікұлы мен оның әкесі Нәрік ханды Қазан қаласының тарихында елеулі із қалдырған қаһармандар ретінде таниды. Олар өмір сүрген кезең айбынды Алтын Орда мемлекеті ыдырап, Еуразия кеңістігінде бір-бірінен оқшаулана бірнеше мемлекеттік бірлестіктер – Қазан, Ноғай, Астрахан бой көтерген бұлағай уақиғаларға тұтас келді. Әсіресе, Қазан билеушілері күш біріктіріп, қуаты кемелдене бастаған Мәскеу патшалығына жартылай тәуелді күй кешіп отырған еді. Шора Нәрікұлы осы кезде тарих сахнасына шыққан. 1545 ж. ол Галица боярының баласы Васька Бортевті Мәскеудің ұлы князі Иван Грозныйға жіберіп, Қазан хандығының бұрынғы билеушісі Сафа-Гирейге қарсы күресу үшін әскери көмек сұрайды. Көп ұзамай 1546 ж. 17 қаңтарда орыстардың Қазандағы елшісі Игнатий Яхонтьевтен Мәскеудегі патша сарайына хат келеді. Онда Шора Нәрікұлы Гамет шейх, Әбүйірхан, Сейіт және Қадыш мырзалар бірігіп Сафа-Гирейді Қазаннан қуып шыққаны баяндалды. Сөйтіп, Қазанда Шора Нәрікұлы тобының жақтасы Шах Әли билік құра бастады. Бірақ қазандықтар Қырым ханының азғыруымен Шах Әлиге қарсы шығып, хан жағында аз ғана топ қалды. Оған қастандық жасалуынан алдын ала сақтанған Шора Нәрікұлы үлкен жиын сәтінде Шах Әлиді қашырып жіберді. Сафа-Гирей үшінші рет келіп Қазан тағына отырады да Шах Әлидің жақтастарын қуғындай бастады. 1546 ж. 15 тамыз күні Қазанда Шора Нәрікұлы, Баубек, Қадыш, т.б. мырзалар өлтірілді. Осыдан кейін Шора Нәрікұлының бауырлары – Ислам, Әлікей Нәрікұлдары және аталық Шапқын Отышев бастаған 76 адам Мәскеуге қашып, бас сауғалады. Кейін олар еліне қайтып оралып, халықты кәпірлерге (орыстарға) қарсы шығуға үгіттеді. Орыс тарихшысы Н.Карамзиннің еңбектерінде ағайынды Нәрікұлдарының 1546 ж. 26 тамызда Қазан қаласын Мәскеу басқыншыларынан қорғауға қатысып, ерлікпен шайқасқандары айтылады. Жалпы Ресей құжаттарында Шора Нәрікұлы “князь” деп көрсетілген. Демек, ол Қазан хандығының ел билеу саясатына тікелей араласып, ханға тікелей ықпал еткен “қараша” атты ақсүйектер тобына жатқан. Оны Шора Нәрікұлының Шах Әлиге қамқор болып, жаудан қорғауы, орыс патшасына елшілікке баруы дәлелдейді. Әдетте “қараша” атағы әр рудың ең таңдаулы әулет өкілдеріне беріліп, ұрпақтан ұрпаққа мирасқорлық жолмен ауысып отырған. Қазақ шежіресі бойынша Шора Нәрікұлынан Шотқара, Есенгелді, Жабал, Жөгі өрбиді. Ал Есенгелдіден Аташал, Аташалдан Торым, Одан Базарқұл, Базарқұлдан Көкі, Көкіден атақты Есет тархан туады.<ref>Кекілбайұлы Ә., Үш белес, А., 2001.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шора Нәрікұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}