Шора Көпешұлы
Шора Көпешұлы(12.5. 1930 ж. т., Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қазақбай ауылы) – ғалым, экономика ғылымдарының докторы (1986), профессор (1992). Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын бітірген (1954). 1954 жылдан Оңтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер, кейіннен экономика бөлімінің меңгерушісі. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде диссертациялық кеңестің мүшесі. Одақтық, республикалық басылымдарда 200-ге жуық ғылыми еңбектері жарияланған. Халықаралық ғылыми-тәжірибелік және өндірістік конференцияларға қатысып, ғылыми жетістіктерін өндіріске ұсынған. Көпешұлы Қазақстанда мақта шаруашылығының экономикасын көтеру жолдарын көп зерттеген ғалым. <ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы, 4-том</ref>
- 1954 - Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылық институтын (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген.
- 1954-1992 - Шымкент ғылыми-өндірістік бірлестігінде бөлім меңгерушісі болып істеді.
- 1992 жылдан Қазақ химия-технологиялық институтында кафедра меңгерушісі.
Көпешовтің 140-тан астам ғылыми жарияланымы, 3 кітабы бар.<ref>Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сілтемелер
<references />