Шолпан Иманбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шолпан Иманбаева (1904, мамыр, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылы – 18.9.1926, Ақмола) – қазақ ақыны.

1923 жылы Ақмола қаласында сауат ашу курсында оқыған. Оны бітірген соң қаладағы балалар коммунасында тәрбиеші болып қызмет істейді. Осы кезден бастап шығармашылыққа ден қойып, өлкелік әйелдер курсында өз өлең-жырларын жиі оқып жүреді. “Жолаушы мен жұмыскер” деген алғашқы өлеңі 1923 жылы “Еңбекші қазақ” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газетінде жарияланды. Кейін “Қызыл Қазақстан”, “Әйел теңдігі” журналдары мен “Жас қайрат” газетінде саяси-әлеум. тақырыптағы өлеңдері жарық көрді. Шығармалары 1927 жылы “Таңдамалы өлеңдер” деген атпен Қызылорда қаласында басылып шықты. Иманбаева өз тұсындағы қазақ әйелдерінің мұң-мұқтажын, арман-тілегін жырлады (“Қоңыр қаз”, “Қазақ әйеліне”, “Жолдасыма”, “Апайға” т.б.), жастар мен ғылым-білім тақырыбына өлеңдер арнады (“Жеттік міне”, “Біздің Сәуле”, “Жас ініме”, “Жас қайратқа” және “Жастарға” т.б.), қоғамдағы ұнамсыз құбылыстарды өткір сынға алды (“Бұлбұл мен қарға”, “Зейнепке”, “Жәкең жаман сасады”). Иманбаева өлеңдері мазмұнының өткірлігімен, тілінің көркемдігімен ерекшеленеді.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}