Шолман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox River Шолман (Үлгі:Lang-tt; Үлгі:Lang-ru) (удмурт тілінде кам – өзен, ағыс) – Еділ өзенінің Ресейдегі ең ірі сол жақ саласы. Ұзындығы 1805 км, су жиналатын алабы 507 мың км². Бастауын Жоғасыр Кама қыратынан алады. Бұл жердегі өзеннің арнасы ирек келген, Вишера сағасынан төменде суы мол өзенге айналады. Каманың ағын суын Кама, Воткин бөгеттері және Нижнекамск СЭС-і реттеп отырады, ал одан жоғарыда ірі бөгендер салынған. Кама ірі Куйбышев бөгеніне құяды. Төм. ағысында аңғары 15 км-ге жетеді, арнасы осы тұста 450 – 500 м-ді құрайды. Басты салалары: Вишера, Чусовая, Белая (сол салалары), Вятка (оң саласы). Набережные Челны қаласы маңындағы жылдық орташа су ағымы 2940 м3/с. Қар, жаңбыр, жер асты суымен толығады. Қараша айының басынан сәуірге дейін мұз құрсауында болады. Өзеннен Керчевский елді мекеніне дейін ағаш ағызылады. Одан төменде тұрақты кеме қатынасы бар. Кама өңірінде Волга-Кама қорығы орналасқан. Өзен бойындағы негізгі қалалары мен порттары: Соликамск, Березники, Пермь, Краснокамск, Сарапул, Набережные Челны, Чистополь.

Шолман Ұдмұртиядағы Кулиги қаласы төңірегінде аға басталып 1805 км дейін созылады.

Көрме

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Kama River Үлгі:Volga River