Шолаққорған (қалашық)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Шолаққорған ортағасырлық қалашық.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Шолаққорған ауылының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі Ә.Х. Марғұлан), 1947 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1983 жылы Шымкент педагогикалық институтының археологиялық отряды (жетекшісі Н.П. Подушкин) зерттеген. Қала қирандысы төрт бұрышты биіктігі 15 м-ге жуық, шығыстан батысқа қарай 160 м, солтүстіктен оңтүстікке қарай 60 м-ге созылған үсті тегіс төбе. Сырты саз дуалмен қоршалған. Тіршілік еткен мерзімі үстінен жиналған қыш ыдыстардың сынықтарына қарап қаланың 13 – 16 ғасырлар аралығында өмір сүргені анықталды. Өкінішке орай Қаратаудың терістігімен өтетін Керуен жолының мықты бекінісі болған қаланың үстіне қазіргі кезде үйлер салынып кеткен.<ref>Маргұлан А.Х. Оседлые поселения 8 – 13 вв. на северных склонах Каратау</ref><ref>Известия АН КазССР, серия археология, 1948, вып. 1; Агеева Е.И., Пацевич Г.И.</ref><ref>Из истории оседлых поселений и городов Южного Казахстана и труды ИНАЭ АН КазССР, т. 5, А.-А., 1958.</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шолаққорған (қалашық)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}