Шлегель Фридрих

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Философ Шлегель Фридрих (1772-1829) - неміс идеалист-философы, сыншы, жазушы, тіл маманы, романтизм теоретигі. Ағасы Август Вильгельм Шлегелмен (1767-1845) бірге Иена романтикатер үйірмесінің бағдарламалық қағидаларын әзірледі (органы - "Атеней" журналы, 1798-1800). Жаңа заман мәдениетін сынай келіп, ежелгі үнді дәуіріндегі сияқты мифология жасау идеясын ұсынды, онда қазіргі сананың "жіктелуі" жойылып, ғылым, философия, өнер, дін етене бірігіп кетер еді. Оның пікірінше, өмір шындығын эстетикалық тұрғыдан өзгерту де осылайша, "шексіз универсумға" ұмтылған мәдениет арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Өмірінің соңында жазылған шығармаларында шынайы философия христиан діні принциптеріне негізделуге тиіс деп тұжырымдады.

Негізгі шығармалары:

  • "Философия туралы хат" (1799);
  • "Идеялар" (1800);
  • "Поэзия туралы әңгіме" (1800);
  • "Өмір философиясы" (1828);
  • "Тарих философиясы" (1829).

Дереккөздер

<ref>Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"</ref>