Шлангалы тереңдік сорғы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шлангалы тереңдік сорғы — бұрғылау ұңғымаларынан сұйықтықтарды тартуға арналған тікелей іс-әрекетті, өтпе плунжерлік сорғы. Ш.т.с. ұңгымада орнатылуына және құрастырылу қағидасына қарай: құбырлы сорғылар және батырылған сорғылар болып бөлінеді. Құбырлы сорғылардағы жұмыс цилиндрі — сорғы құбырлары бағанасымен тікелей жалғасады. Сорғыны алмастырғанда құбырлар бағанасының бәрі бірге көтеріледі. Қарнақтағы плунжер мен сорғы клапандары бөлек-бөлек түсіріледі және осылайша шығарылады. Батырылған сорғыларда түсіру және көтеру жұмыстары қарнақтар бағанасымен атқарылса, құбырлар бағанасы тұрақты ілінген. Бұл жағдайда сорғы цилиндрі сорғы құбырының төменгі тұсына арнайы серіппелі құлып құрылғысы арқылы бекітіледі.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub