Шижаға

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан

ШижағаҚызылорда облысының Арал ауданындағы ауыл, Октябрь ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Арал қаласынан солтүстікке қарай 18 км-дей жерде. Шаған ақын бейітінен басталып кең көлемді алып жатқан елді мекен.

Тарихы

Ауыл 1957-96 жылдары асыл тұқымды қаракөл қойын өсіретін «Арал» кеңшарының орталығы болған. Бұрын бұл жер «Октябрь» колхозы болып аталған. Жан-жағын жағалай ши деп аталатын өсімдік қаптап өскен соң, бұл жер «Шижаға» деп аталып кеткен. <ref> « Қызылорда облысының жер-су атаулары», Қызылорда, 2013</ref>

Халқы

Тұрғыны 2198 адам (2009).

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Арал ауданы елді мекендері