Шеңгелді (көне қала)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шеңгелді – көне қала орны. Мойынқұм ауданы Ынталы ауылынан шығысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан. 1989 ж. ҚазМУ (қазіргі әл-Фараби ат. ҚҰУ) археологиялық экспедициясы (жетек. М.Елеуов) тауып, алғашқы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Қазір оны солт-тен шығысқа қарай 85 м-ге созылып жатқан, биікт. 2,3 м болатын төбе болып келеді. Теріліп алынған материалдар: құм (хум), құмыра, табақша, т.б. сынықтары. Олардың дені сырланбаған ыдыстар. Қазба жұмыстары барысында табылған қыш ыдыстар оның 10 – 12 ғ-да өмір сүргенін көрсетеді.<ref>Тараз Энциклопедисяы</ref> 11 – 12 ғасырлардағы керуен сарай. Алматы облысы Шеңгелді аулының маңында. Жетісудың ірі қалалары Эквиус пен Қойлықтан қатынайтын сауда жолы бойында орналасқан. Аумығы 70 х70 м2. Бекініс іргелерінің сақталған биіктігі 1,5 – 2 м.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>.

Cілтемелер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}