Шешуші схемалар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шешуші схемалар (Үлгі:Lang-ru). Дискретті ақпаратты тарату жүйесіндегі берілуге тиіс хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтайтын қабылдау орнындағы құрылғыны шешуші схема деп айтады. Қабылдау құрылғысы жұмысының негізі — кез келген қабылданған сигналды s (t) хабарлар жиынтығының ішіндегі хабарлардың қайсысына жататынын анықтау. Ол үшін берілген хабарларды көптеген бөліктерге бөліп, солардың біреуіне айналдырады. Мұндай айналдырудың бірнеше әдістері бар. Қазіргі іс жүзінде кездесетін байланыс жүйелерінде қабылданған сигнал, алдымен кодалық символдарға, содан кейін хабарға айналдырылады. Қабылданған сигналды бірнеше бөліктерге бөліп, кодалық символдарға айналдырушы құрылғыны шешуші немесе бірінші шешуші схема деп атайды. Бірінші шешуші схема қабылданған сигнал бөлігін белгілі бір кодалық символға телиді. Мұндай жұмысты, әдетте, модуляциядан шығару немесе жай ғана демодуляциялау дейді. Модуляциядан шығару жұмысының нәтижесінде сигнал элементтерінің тізбегі кодалық символдар тізбегіне айналдырылады. Осыдан кейін кодалық символдар тізбегі берілген хабардағы әріптер тізбегіне айналдырылуы керек. Оны "кодадан шығару" дейді.

Кодадан шығару жұмысы екінші шешуші схемалармен атқарылады. Бұл сұлба қабылданған кодалық символдар тізбегін топтарға бөліп және сол топтарға келетін әріптердің сәйкестігін шешеді. Кейде кабылданған символдар элементтердің тізбегін кодалық символдарға айналдырып жатпай, бірден хабарлардың әріптерін табатын біріккен схемалар болады. Қабылдаудың мұндай әдісі арқылы "бірден қабылдау" әдісінің "біртіндеп қабылдау" әдісіне қарағанда артықшылығы қабылданған хабарлардың ете жоғары дәрежедегі дәлдігін қамтамасыз етуге болады. Бірақ "біртіндеп қабылдау" әдісі өте қарапайым. Сондықтан жеңіл орындалады. Сол себепті, жоғары дәрежелі дәлдік талап етілмейтін жағдайда "біртіндеп қабылдау" әдісі қолданылады.

Шешуші схемаларда қабылданатын көптеген сигналдар элементтерін кодалық символдарға айналдырудың көптеген әдістері бар. Байланыс теориясындағы ең маңызды мәселе — белгілі әдістердің ішіндегі ең қолайлысын табу. Хабар тарату жүйесінің негізгі сипаттамалары модуляциядан шығару әдісіне және оның кодадан шығару ісінің үйлесімділігіне байланысты болады. "Біртіндеп кабылдау" әдісінде қабыдцанған сигнал "бірінші шешуші схемада" модуляциядан шығарылып, кодалық символдарға ("0" немесе "1") айналдырылады. Содан соң n орынды символдардан тұратын кодалық комбинация "екінші шешуші схемада" хабар бөлігіне (әріпке) айналдырылады. "Екінші шешуші схема" кодадан шығарушы жұмысын атқарады.

"Бірден қабылдау схемасы" қабылданған сигналдар тізбегіне сәйкес әріпті бірден анықтап, шешім қабылдайды. Бірақ ол үшін қабылданған сигналдар жиынтығынан тұратын сұлбаларды салыстырып, сәйкестігін анықтау үшін "бірден қабылдау" құрылғысының құрылысы "біртіндеп қабылдау" әдісіндегі құрылғылардан өлдеқайда күрделі болады. Осыған байланысты модуляциядан шығарушы құрылғы ("бірінші шешуші схема") мен кодадан шығарушы құрылғы ("екінші шешуші схема") жұмыстарын тиімді үйлестіру үшін оларды сараптап, талдау жұмыстары жүргізілуі керек. Біртіндеп қабылдаудың қарапайымдылығын, схема құру жұмысының жеңілдігін пайдаланғанда олардың жұмыстарын үйлестіргенде алынатын нәтиженің дөлдігі "бірден қабылдау" схемасына жақын жағдай қарастырылуы керек. Осындай әдістердің бірнеше түрі бар:

  • 1) қабылданған аналогтық сигнал тізбегін түрлендіріп салыстыру арқылы шешім шығару;
  • 2) бірінші шешуші схемадағы кейбір сипаттамаларды екінші шешуші схемада да пайдалану;
  • 3) экстраполяциялы біртіндеп қабылдау әдісі.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}