Шерғала

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шерғала (Шерқала) — VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “Арыстан–қала” деп атап кеткен болатын.

Орналасуы

Шерғала Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған аттас таудың маңында орналасқан. Шерғала Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды.

Сипаттамасы

Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз.

Шерқала - арабша Арыстан қала деген мағынаны білдіреді. Қаланың есіміне араб араласуына қарағанда, Шерқала арабтардың VII-IX ғасырлардағы шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен болса керек, одан кейін хазарлықтар мен хорезмдіктердің тіректі мекеніне айналып, Арыстан қала аталуы ықтимал. Шерқала 50 м биіктігі бар,оңтүстік батысқа қарай атылғалы жатырған арыстан іспеттес пирамида. Үстіне шығатын жол жоқ, тау жақ беткейіне екі жағына екі бастион қосымша тұрғызылған, қамал қабырғалары табиғи тау тасы мен күйдірілген кірпіштен қаланған. Шығыс бетіндегі бастионнан шатқалдың түбіндегі тунельге жол тартылған.

Тунель 5 м жоғарылаған соң, екі бағытқа екі тарау болып, тау үстіне шығады. Таудың басқа жерінде жоғары шығатын жол жоқ. Қарауылшыларға азық-түлік жеткізетін, қарауыл қарауылдайтындардың шығатын жолы осы болуы керек. Қамалдың ұзындығы 300 м, бірнеше жүз әскері ат-көлігімен сиятындай. Қамалдың басындағы шың бауырында торғайдың ұясына ұқсас екі-үш адамдық іші өртелген орындар бар. Менің ойымша бұл орындар күзетшілер немесе садақшыларға арналған орын секілді.

Мұнда уй құрылысы жоқ, адам қоныстануға қолайсыз. Сондықтан ол қасындағы Қызылқаланың тыныштығын қорғаған деген ойдамын.

Қызылқаланы зерттеу барысында келесі деректерге қол жеткіздім. Ол Ақмыш деген орталық Қаратаудан солтүстікке қарай ағып жатқан қос бұлақ қосылған тұмсықта салынған.Қызылқала-ежелгі сауда сарайы. Айналасы бір шақырымдай, дәлірек айтсақ, 800 м, төрт бұрышы қорған. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, ішкі жағы күйдірілген кірпіштен қаланған. Соған қарап Қызылқала деген атау берген деп ойлаймын. Қызылқаланың оңтүстік жағында шағын төбе бар, онда биік мұнара сондай-ақ кірпіш күйдіретін пеш те болғанын аңғардым. Кірпіш өртеуге жергілікті қоңыр көмірді пайдаланған. «Қызылқалалықтар кірпіш өртеп,күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі ыдыстар шығарған. Бір ғажабы солардың мықтылығы, желге де, суға да төзімділігі қайран қалдырады...» дейді Қызылқаланы зерттеуші археолог Андрей Астафьев.

Қызылқаланы зерттеу барысында осы қала орнында археологиялық зерттеу нәтижелерімен санасып отырдым. Олар Қызылқала туралы былай дейді: «Қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстардың сынығына қарап, Қызылқаланы салу кезеңдері X-XII ғасырға жататыны анықталды. X ғасырда Хорезм мемлекеті аумағындағы қалалардың қарқындап өскені туралы деректер бар. Хорезмнің белсенді жүргізген саясаты нәтижесінде Поволжьемен арадағы сауда жолы дами түсті. Дәл осы жолдың бойында Қызылқала елді мекені пайда болды: »|4| Қызылқаланың көлемі 25га, қосымша 200 құрылыс салынған, мәдени қабаттары 2 м астам, ортағасырлық қала. Оны қоршай салынған қабырғаларының қалыңдығы 3 м, биіктігі 5 м болған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін бекіністің қабырғаларының қалыңдығы 2 м. кесек тастармен өрілген, соның әсерінен қабырғаларының биіктігі 6-7 метрге жеткен. Қазіргі уақытта 13 мұнараның орны тексерілу үстінде. Өзінің маңызы бола тұра Қызылқала көп өмір сүрген жоқ. Қызылқаланың құлдырауы 1220-1221 жылғы қыстағы Шыңғыс хан әскерлерінің Хорезмді талқандауынан кейін басталды. Азия мен Еуропа сауда байланыстары бұзылды.

XII ғасырдың соңында Каспий теңізі ұлан байтақ құрғақ жерді су астына қалдырып, деңгейі 26-27 метрге дейін көтерілді. Сауда керуендері жаңа жолмен жүре бастады. Қызылқала одан алыста қалды, сөйтіп оның тұрғындары ертеңге деген сенімінен айырыла бастады. Тарихи деректерге жүгінсек, Маңғыстау арқылы өтетін сауда керуені XIX ғасырда өмір сүруді тоқтатты. Қала қабырғалары XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін тұрды да, еліміздегі ұжымдастыру тұсында оның қабырғалары құлатылып, құрылыс материалдары ретінде пайдаланылды. Дүниежүзі ғалымдарының аузын аштырып, көзін жұмдыртатын бір жаңалықты республиканың Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары ашып отыр. Ол-Тоқсанбай тауынан табылған ең ежелгі қала. Қаланың жер қыртыстары үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі отырықшы қонысты дәлелдейді.

Тағы қараңыз

Үлгі:Навигациялық кесте