Шелжі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шелжі— ортағасырлық қала. Тараз қаласынан оңтүстікке қарай 30 км жерде орналасқан.

Қала туралы арабтың 10 ғасырдағы географтары әл-Истахри, ибн Хаукал, әл-Магдиси жазған. Магдисидің жазбаларында Шелжі кішкене қала, онда 10 мың исфахандықтар тұрған. Оның цитаделі мен үлкен мешіті болған, қала таудың ішінде орналасқан. Сондай-ақ жазба деректерде қалада күміс өндірілгендігі туралы да айтылады. Қала Қарахан әулеті тұсында жақсы өркендеген. Моңғол шапқыншылығы кезінде қираған. Шелжі Әмір Темірдің тұсындағы деректерде Шелжі қайта аталады. Зерттеушілер Шелжінің орнын Тараздан оңт-ке қарай 30 км жердегі Садыққорған қалашығымен баламалайды.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}