Шаңғымен трамплиннен секіру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:AlmatySkiJump.jpg
Алматыдағы "Сұңқар" тау-шаңғы трамплин кешені
Сурет:Martin Koch World Cup Ski flying Vikersund 2011.jpg
Секіру үстіндегі бірнеше дүркін әлем және олимпиада чемпионы Мартин Кох

Шаңғымен трамплиннен секіру, шаңғымен тұғырдан секіру<ref>Спорт түрлерінің ресейлік реестрі</ref> (Үлгі:Lang-en) - арнайы жабдықталған трамплиннен (тұғыр) шаңғымен секіруге негізделген қысқы спорт түрі. Өз алдына жеке дара спорт түрі ретінде саналады, сонымен қатар шаңғы қоссайысы бағдарламасына кіреді. Халықаралық шаңғы спорты федерациясы (Үлгі:Lang-en, Үлгі:Lang-fr, FIS) қарамағында.

Олимпиада ойындарының құрамында 1924 жылдан бері ұйымдастырылса, алғашқы әлем чемпионаты 1937 жылы өткен.

Ережелері

Секіруге арналған 20 және 50 метрлік кіші, орташа 70-90 метрлік үлкен трамплиндер бар. Тұғырдан секіруге 5 төреші қазылық жасайды. Олар секірушілердің нәтижелерін 20 баллмен есептелінетін секірудің әдісіне, арнайы кестемен балл берілетін секірудің қашықтығына қарай есептейді. Жарыс үстінде әр спортшы үш реттен секіріп, оның екеуінің нәтижесі есепке кіреді.

Тарихы

Шаңғымен тұғырдан секірудің де отаны Норвегия болып есептелінеді. 1897 ж. Норвегияда ш.-мен т. С-ден алғашқы ресми жарыс өтті. 1964 жылдан бастап жарыстар екі тұғырдан (орта және үлкен) өте бастады.

Шаңғымен трамплиннен секіруден рекордтар есепке алынады. 1866 ж. Ә- дік рекорд 19 метр болса, 1936 ж. Австриялық Иозеф Браль алғаш рет 100 метрлік межеден асып түсті. Ал 1967 жылы Германияның Абередесфедегі 90 метрлік трамплинде норвегиялық Грини рекордты 150 метрге жеткізді. Осылайша рекордтар өсе берді. 14 жылдан кейін швейцариялық Штрауман 160 метрлік межеден асты, австриялық А.Каглер 180 метрден, чех Павел Плац 181 метр, финн Матти Нюкяннен 191 метр нәтиже көрсетті. Қазір Шаңғымен трамплиннен секірушілер 200 метр- лік межені алу қарсаңында.

Бұл қысқы спорт түрі Қысқы Азия ойындарының бағдарламасында бар. Алматыда өткен ойындарда оңтүстік астананың тұрғындары мен меймандары Азия құрлығының ең үздік секіргіштерінің өнерін көре алады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3</ref>

Дереккөздер

<references />