Шақшақ Көшекұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шақшақ Көшекұлы (1740, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылына жақын жердегі қыстау — 1837, сонда) — батыр, би. Ашамайлы керей тайпасының көшебе руынан шыққан. Жоңғарларға және Еділ қалмақтарына қарсы азаттық соғыстарына қатысып, жүзбасы, кейіннен мыңбасы болған. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Марал ишан Құрманұлының Ресей өкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық үшін күресіне қолдау көрсеткен. 1819 жылға дейін керей және уақ тайпаларына басшылық етіп, әділ би атанды. 1830 — 37 ж. аға сұлтан Жалбыр Абдуллин мен Шыңғыс Уәлиханов өздері иелік ететін рулардың біріне старшина етіп сайлаған. Меккеге барып, қажылық сапарын өтегеннен кейін Петропавл қаласында өз қаражатына мешіт пен медресе тұрғызған. Шақшақтың “Ақтық пен шақтық” өлеңі біздің заманымызға жеткен. Шақшақ — белгілі ақын, әнші әрі композитор Сегіз серінің туған атасы. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шақшақ Көшекұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}