Шашақ гүлді қызат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Шашақ гүлді қызат<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> (Үлгі:Lang-la) – наурызшешек тұқымдасы, талқурай туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 25-60 см.
  • Сабағы тік, жалаң.
  • Қандауыр тәрізді жапырақтары сағақсыз, қарама-қарсы орналасқан, ұзындығы 5-10 см, ені 0,5-2,5 см, үшкір, жиегі тегіс. Төменгі бөлігінде жапырақты қоңыр түсті жарғақты қабыршақ алмастырады.
  • Ұсақ гүлдері жапырақ қолтығынан шығатын гүлсағаққа бекіп, тығыз гүлшоғырына топтасқан. Гүлсидамы мен гүлшоғырының ұзындықтары бірдей (1,5-3 см), жапырағынан 2-4 есе кіші. Гүлсағағының түбінде таспа тәрізді үшкір гүлжапырағы бар, ол гүлсағағынан екі есе ұзын. Күлтесі сары, қызыл қоңыр дақтары бар, ұзындығы 5-6 мм, ұшына қарай доғал. Аталық жіпшесі күлтесімен бірдей немесе одан ұзын, аналық мойнынан аздап қысқалау. Мамыр-шілде айларында гүлдейді.

Өсетін жері мен таралуы

Солтүстік жарты шардың салқын қоңыржай белдеуінде орналасқан елдерде: Еуропаның орталығы мен шығысында, Орта Азияда, Скандинавияда, Моңғолияда, Қытай және Канадада таралған. Қазақстанда Тобыл-Есіл аралығында, Семей орманында, Көкшетау қыратында, Ақтөбе облысында, Сарыарқаның батыс ұсақ шоқылығында, Балқаш-Алакөл ойысында, Алтай тауларында кездеседі. Өсетін орны - батпақты жерлер, су жайылмасы, өзен және көл жағалауы.

Дереккөздер

<references/>