Шахтер Даңқы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шахтер Даңқы құрмет белгісі. КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесінің 1956 жьлғы қазан айының 8-індегі қаулысы бойынша тағайындалған. Көмір өнеркәсібі мен шахта құрылысында ерекше еңбек еткен жұмысшыларға беріледі. Сондай-ақ бұл құрмет белгісімен алдыңғы қатарлы жұмысшылар, мастерлер, басшы инженерлер, техникалық қызметкерлер, кәсіпорын жұмыскерлері, көмір мен тақтатас өнеркәсібі және шахта құрылысының мекемелері мен ұйымдары, өз еңбегі мен белсенділігінің нәтижесінде көмір өндіру мен шахта құрылысында мемлекеттік жоспарды асыра орындауға үлес қосқандар, көмір өнеркәсібі мен шахта құрылысында үздіксіз, кемінде 5 жыл еңбек етсе марапатталады. «Құрмет Белгісі» 3 дәрежеге белінеді: біріншісі - ең жоғарғы болып есептеледі.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}