Шахмет Құсайынов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құсайынов Шахмет (12.5. 1906, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Қаратал ауылы — 30.5.1972, Алматы) — драматург. Алғашында Көкшетау мен Қарағандының аудандық және облыстық газет редакцияларында (1929 — 35) қызмет атқарды. 1937 ж. Мәскеу қаласындағы Мемлекеттік театр өнері институтының режиссерлік факултетін бітірді. 1940 — 50 ж. Семей драма театрының көркемдік жағын басқарушы, Қазақ мемлекеттік академиясы драма театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі, “Қазақфильм” киностудиясының сценарий бөлімінің редакторы, Қазақ КСР-і ғылым академиясының өнертану секторының ғылым қызметкері болып жұмыс істеді. Шығармашылық жолын газет тілшісі, очеркші ретінде бастаған Құсайыновтың алғашқы әдеби туындысы 1932 ж. жарияланды. Бұған дейін оның қаламынан туған тұңғыш “Солқылдақ шыбық” атты сатиралық комедиясы 1928 ж. Петропавл қаласындағы педогогикалық техникум оқушылары күшімен сахнаға қойылды. Осыдан кейін Құсайынов өзінің бүкіл шығармалары өмірін драматургия жанрына (“Шабуыл”, 1932; “Орақ”, 1935; “Шолпан”, 1938; “Кеше мен бүгін”, алғашқы нұсқасы “Марабай” деп аталған, 1940) арнады. Құсайынов — театр өнері, спектакльдер мен сахна шеберлері жайында жазылған көптеген мақалалардың да (“МХАТ және Станиславский”, 1938; “Жас таланттар”, “Сахналық искусство”, 1939; “Елубай Өмірзақов”, 1950, т.б.) авторы. 1942 ж. жарияланған “Алдаркөсе” пьесасында қазақ ауыз әдебиетіндегі аңыздың негізінде, Әлеуметтік теңсіздікке қарсы күрескер, халық кейіпкері — Алдаркөсенің образын жасады. Драматург 1950 — 70 ж. негізінен осы заманғы Әлеуметтік-моральдық пен адамгершілік, ізгілік пен адалдық, тәрбиелік пен көтеріңкі романтикалық тақырыпта бірқатар пьесалар (мысалы, “Көктем желі”, 1952; “Есірткен ерке”, 1954; “Ертіс жағасында”, 1957; “Таныс адамдар”, 1962; “Күн шуақта”, 1965) жазды; бұл шығармалары респликалық және облысы театрлар репертуарынан берік орын алды. Құсайыновтың тарихи тақырыпқа арналған “Боран" (1937), “Амангелді" (1944), “Шаншарлар” (1947, Қ.Қуанышбаевпен бірге), “Біздің Ғани” (1957), “Қайран, Гәкку” (1962, кейін “Үкілі Ыбырай” деп аталған), “Әл-Фараби” (О.Бодықовпен бірге, 1972; “Сырымбет саласында”, 1966; “Қилы-қилы тағдырлар”, 1970;), т.б. пьесалары бар. Құсайынов өз шығармаларымен ұлттық драматургия жанрының өсіп, даму жолына елеулі үлес қосты. Ол В.Абызовпен бірлесіп “Шабандоз қыз” (1955), “Біз осында тұрамыз” (1957), “Асау Ертіс жағасында” (1959) атты көркем фильмдер сценарийі мен киноповестерін жазған. 1996 ж. Құсайыновның есімі Көкшетау драма театрына (қазіргі Ақмола облысы қазақ музыкалы драма театры) берілді. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}