Шахан Әлімханұлы Мусин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мусин Шахан Әлімханұлы<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VI-том</ref> (27.12.1913, қазіргі Павлодар облысы Май ауданы Үлкен Ақжар ауылы. – 26.12.1999, Алматы) – актер, Қазақстанның халық артисі (1966). 1930 ж. Алматы ауыл шаруашылық институтында оқыды. 1931 – 32 ж. Семей облысының Бесқарағай ауданы атқару комитетінде хатшылық қызмет атқарды. Актерлік жолын 1934 ж. Семей облысы қазақ драма театрында (қазіргі Семей қазақ музыкалы драма театры) бастады. Мусин – осы театрдың іргетасын қалаушылардың бірі. Тұңғыш рөлі – І.Жансүгіровтің “Кек” (“Кек кетті”) пьесасындағы Бидахмет. Семей қазақ драма театрында Арыстан, Есен (М.Әуезов, “Айман – Шолпан” мен “Еңлік – Кебек”), Әбіш (Б.Майлин, “Шұға”) бейнелерін жасады. 1954 – 57 ж. қазіргі Қазақ мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында актерлік қызмет атқарды. 1957 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театрында актер болды. Мусин, негізінен, зиялы қауым өкілдерінің сахналық бейнелерін жасады. Оның ойнаған рөлдері поэзиялық әуен мен романтикалық серпінге толы. Ақан (Ғ.Мүсірепов, “Ақан сері – Ақтоқты”), Сырым (Әуезов, “Қарагөз”), Айдар (Әуезов пен Л.С. Соболев “Абай”), Махамбет (Ғ.Сланов осы аттас пьесасында), Сапар (Т.Ахтанов “Сәуле”), Әпенде (Назым Хикмет, осы аттас пьесасында), Моцарт (А.С. Пушкин, “Шағын трагедиялары”), Телегин (А.П. Чехов, “Сүйікті менің ағатайым”) рөлдері осы бағытта шешім тапты. Ол сомдаған рөлдердің қатарында Алшағыр, Абыз (Әуезов, “Қарақыпшақ Қобыланды” мен “Еңлік – Кебек”), Қасболат (Ахтанов, “Боран”), Шегір (Ш.Хұсайынов, “Қилы-қилы тағдырлар”), Мұрат (Ә.Тәжібаев, “Майра”), Штурман (К.М. Симонов, “Келер кез”), т.б. бар. Ол саяси қуғын-сүргін азабын тарта жүріп (Колымада, 1937 – 46; Сібірде, 1948 – 54) көптеген өлеңдер жазды. 1958 ж. Мәскеу қаласында өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысты. 1954 жылдан киноға түсті: Рүстемов (”Бұл Шұғылада болған еді”, 1955), Сапаров (“Біз осында тұрамыз”, 1956), Баймағанбет (“Шоқан Уәлиханов”, 1957), Профессор (“Ұлан”, 1977), Ректор (“Қосымша саудалар”, 1979), Төле би (“Жазушы асығады”, 1980), т.б. рөлдерде ойнады.

Дереккөздер

  • Қазақ энциклопедиясы
  • Львов Н.И., Казахский театр, Очерк истории, М., 1961
  • Сахна саңлақтары, A., 1998

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шахан Әлімханұлы Мусин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}