Шатырша қысшылшөп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Шатырша қысшылшөп (Үлгі:Lang-la) – көкбұта тұқымдасы, қысшылшөп туысына жататын көп жылдық гүлді өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 8-20 см.
  • Тармақталған жер асты тамыр сабағы жатаған.
  • Жерүсті өскіндері көтеріңкі, төменгі бөлігі бұтақталған.
  • Жоғарғы бөлігін гүлсағағымен бірге ұсақ безді емізікше жапқан.
  • Өткір ара тісті мәңгі жасыл жапырақтары қалың, қар астында қыстап қалады, беті тегіс, үстіңгі жағы күңгірт жасыл, астыңғы жағы ашық жасыл, ұзынша келген сына тәрізді. Жапырақ тақтасының ұзындығы 1,5-6 см, ені 0,1-1,5 см, тақтасынан 5-10 есе кіші қысқа сағағы болады. Сабақ ұшында орналасқан гүлсағаққа бекіген шатырша гүлшоғырындағы 2-8 гүлі (сирек 12) төмен қарай иіліп тұрады. Гүлсағағының ұзындығы 0,6-2,5 см (жеміс салған кезінде ұзындығы 3,5 см-ге дейін жетеді).
  • Гүлжапырағы таспа тәрізді, гүлсағағының орта тұсында орналасады. Тостағаншасы жалпақ жұмыртқа тәрізді, жиегі тісшелі. Гүлі қызғылт түсті, кең ашылған, диаметрі 8-12 (15) мм, күлтесі де жұмыртқа тәрізді, иіліген, жиегі қысқа түкті.
  • Жемісі - қысқа түкті шар тәрізді қауашақ.
  • Маусым-шілде айларында гүлдеп, шілде-тамызда жеміс береді.

Өсетін ортасы мен таралуы

Солтүстік жарты шардың қоңыржай климатындағы қарағайлы-қайыңды ормандарда өседі. Қазақстанда Тобыл-Есіл жазығында, Ертіс өзені бойында, Көкшетау қыратында кездеседі.

Емдік қасиеті

  • Шатырша қысшылшөптің құрамында флавоноидтар, органикалық қышқылдар бар.
  • Емдік шөп ретінде нефрит, цистит, несеп жолдарына тас байлануына, соз, буын ауруларына, ревматизмге, қан тоқтатуға, т.б. ауруларға қолданылады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Үлгі:Commons

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>