Шатақ Есенбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шатақ Есенбайұлы (туған – өлген жылы белгісіз) - батыр. Орта жүз найман ішінде қаракерей руының жалмамбет аталығынан шыққан. 18 ғасырдың соңында жоңғар басқыншыларынан азат етілген Марқакөл өңірін қоныстанған елін коршілес торғауыт, ойрат, ұранқай шапқыншылығынан қорғап, кейбір төрелердің елді біріктірудегі дәрменсіз істеріне қарсы шыққан. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда дене тұрқы ірі, қызыл шырайлы адам болған. Батырлық шалт қимылына қарап өзінің шын аты ұмытылып «аты шулы Шатақ батыр» аталып кеткен. ¥рпақтары шал, қанжа деп бөлініп, атақонысы Марқакөл өңірінің Ақбұлақ, Күнгей Бөкенбай жерлерін мекендейді.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub

Үлгі:WikifyҮлгі:Суретсіз мақала