Шар бөгені

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Шар бөгеніШығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының жеріндегі бөген. Шар өзенінің бойында. 1977 ж. пайдалануға берілген. Ауданы — 11,9 км2, ұзындығы — 6,5 км, ені — 2,5 км, ең терең жері — 23,3 м, сыйымдылығы — 80,0 млн. м3, су жинау алабы — 1900 км2, жағасының ұзындығы — 21,6 км. Негізінен етті-сүтті ірі қара мен қой өсіруші аудан шаруашылықтарының 29,5 мың га егістігі мен шабындығын суаруға пайдаланылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub