Шаршау

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаршау — қажу жағдайының дамуымен астасатын субъективтік сезінулер кешені. Босаңсу, болбырлық, дәрменсіздік сезімдерімен, физиологиялық қолайсыздық түйсігімен, психикалық процестердің өту барысында кінәраттардың ұғынуымен, жұмысқа деген ынтаның болмай қалуымен, қарекетті тоқтатуға деген түрткі себептің дендеуімен, жағымсыз эмоциялық реакциялармен сипатталады. Шаршау бірсарынды әрекетті ұзақ уакыт орындау кезінде де пайда болуы мүмкін. Алайда қажумен байланысты емес оғаш шаршау, сондай-ақ объективтік тұрғыдан қажыған адамның шаршамауы секілді жағдайларда болады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}ca:Fatiga de:Müdigkeit es:Fatiga