Шаруашылық қалдықтарын зарарсыздандыру

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Тексерілмеген мақала

Мал шаруашылығы қалдықтарын залалсыздандыру және пайдаға асырудың аса зор санитариялық, экологиялық және экономикалық маңызы бар. 10 мың тайынша бордақылайтын бір кешен 100 мың тұрғыны бар қаланың тұрмыстық қалдығына пара-пар қалдық береді. Мал шаруашылығы қалдықтарының ішінде басыт орынды көң алады. Ол инфекция қоздырушыларның ең маңызды тарату факторы болып табылады, өйткені онда микробтардың сақталуына жағдай өте қолайлы. Малдың көңінде болатын микробтар өте көп және алуан түрлі. Сиыр нәжәсінің 16%-дайы бактериялрдың үлесіне тиеді. Бұл граммға шаққанда 40 млрд. микробқа дейін жетеді. Көңде кейбір зардапты саңырауқұлақтар, мысалы дерматомикоздардың қоздырушылары, өсіп-өне алады. Туберкілезбен ауырған бір сиыр нәжісімен тәулігіне 37 млн.-ға дейін туберкулез таяқшаларын бөліп шығарады. Олар көңде тіршілік қабілетін 7 айдан артық, ал уыттылығын 6 айға дейін сақтайды. Көңде бруцеллалар мен сальмонеллалар 4 а"ға дейін, пастереллалар 2,5 айға дейін, вирустар 1 айға дейін сақталады.

Көңіді зарарсыздандыру

Көңді зарарсыздандырудың биологиялық, химиялық және физикалық жолдары бар.

Биологиялық зарарсыздандыру

Биологиялық немесе биотермиялық зарарсыздандыру көңдегі микробтардың тіршілік әрекеті әсерінен іске асады және бұл ең жеңіл әрі тиімді әдіс болып табылады. Биотермиялық жолмен ылғалдылығы 70%-дан аспайтын қатты көңді немесе сұйық көңнің қатты фракциясын зарарсыздандырады. Зарарсыздандыру көңнің қызынып, температурасы 60°С-қа жеткен күннен басталады деп есептеліп, жылдың жылы уақытында екі ай, ал суық уақытындаүш айға дейін созылуы тиіс. Бұл мерзімде көң зарарсызданып болады деп есептеледі. Ал егер көң жұқпалы ауруға шалдыққан малдан алынған болса, сақтау мерзімі одан да ұзақ болуы керек. Туберкулезден басқа спора түзбейтін ауру қоздырушылары үшін биотермиялық процестің ұзақтығы 12 айдан кем болмайды, ал туберкулез кезінде бұл мерзім екі жылдан кем болмауы керек. Биотермия кезінде ауырған малдың қиын сау малдың қиымен жабу керек. Өйткені көңнің сыртқы қабаты тобарсып кебеді де, биотермилық процес ойдағыдай жүрмейді.

Химиялық зазарсыдандыру

Химиялық зарарсыздандыру ерекше жағдайда, жұқпалы ауруға шалдыққан малдың көңін зарарсыздандыру үшін пайдаланылады. Көңді химиялық жолмен дезинфекциялау үшін сусыз аммиак формальдегид, хлорлы әк қолданылады. Көңді туберкулез микобактериялары және басқа да спора түзбейтін зардапты микробтармен ластанған кезде сусыз аммиакмен дезинфекциялайды. Ол үшін көңнің 1м³ көлеміне 30 кг дезинфектантты қосып, жабық сиымдылықта немесе пленкамен жабылған көң қоймасында 5 тәулік ұстайды.

Физикалық зарарсыздандыру

54 мың және 108 мың шошқаға арналған ірі кешендерде көң ағысты бу қондырғылары арқылы 110-120°С температурада 0,2мПа қысым жағдайында зарарсыздандырылады. Экспозициясы 45-60 мин. Топалаң, қарасан, маңқа, делбе, мандам, құтырық, жыбырлақ, секіртпе, сиыр обасы, солма сияқты аурумен ауырған малдан алынған көң тек қана өртеу арқылы ойдағыдай зарарсыздандырылады. Көңді өртейтін бірқатар күрделі және қарапайым қондырғылар болады. Теміржол станциялардың дезинфекциялап жуатын пункттерінде көңді өртейтін арнаулы пеш орнатылады. Ең қарапайым әдіс - жерден қазылған ошақ. Оның тереңдігі 75 см, ені 75-100 см. Түбінен 45-50 см биіктікте металл біліктер орнатып, оның үстіне көң салынады. Астына отын тасталып, жағылады. Көңнің тез жануы үшін оны құрғақ қоқыс немесе сабанмен араластырған жөн.

Дереккөз

<ref>Т.Сайдулин. Індеттану және жануарлардың жұқпалы аурулары</ref>