Шарт талаптары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шарт талаптарышарт жасасушы тараптар шартта белгілеген және онын мазмұнында аталатын талаптар.

Елеулі, әдеттегі, кездейсоқ талаптар түріне бөлінеді. Шарт жасасу тәжірибесінде елеулі шарт талаптарына мыналар жатады:

  1. шарттың атауы;
  2. оның жасалған жері мен күні;
  3. тараптардың атаулары мен деректемелері;
  4. келісімшарт заты мен объектісі;
  5. шарттың қолданылу мерзімі;
  6. өнімді өткізу мен қабылдау мерзімі мен тәртібі;
  7. шарттың бағасы;
  8. өзара есеп айырысу тәртібі;
  9. буып-түю, тасымалдау, сақтандыру;
  10. тараптардың шарт объектісін пайдалану және билеу жөніндегі құқықтары;
  11. құпиялықты сақтау шарттары;
  12. форс-мажорлық мән-жайлар;
  13. залалдың орнын толтыру, кепілдіктер;
  14. тараптардың жауапкершілігі және қолданылатын құқық;
  15. төрелік;
  16. шарттан туындайтын шығын, баж, салық;
  17. шартты жасасудың жалпы талаптары.

Тараптар арасында барлық елеулі талаптар бойынша келісімге қажетсі нысанда қол жеткізілгенде шарт жасасылды деп есептеледі.<ref>Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Economy-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}