Шартты топ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шартты топ — белгілі бір нышаны бойынша (іс-әрекеттің сипаты, жынысы, жасы, білім деңгейі, ұлты және т.б.) біріккен, әлеуметтік психологиясын зерттеу объектісі болып табылатын және бір-бірімен тікелей не жанама объективтік қарым-қатынастары жоқ адамдардың қауымдастығы. Бұл қауымдастықты құрайтын адамдар бір-бірімен ешқашан кездеспеуі мүмкін екендігі былай тұрсын, бір-бірі туралы ештеңе білмеуі де мүмкін, бірақ, бұл орайда, олар өздерінің нақты топтарының басқа мүшелерімен белгілі бір азды-көпті бірдей қатынастарда болады. Мысалы мектепке дейінгі баланың, шартты жастық топтың психологиясын зерделеу үшін мектепке дейінгі тиісті жастағы біраз баланы олардың нақты топтарында зерттеу қажет.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}