Шариф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шариф(көпшетүрі: «ашраф»,«шурафа» - «көрнекті», «ізгі ниетті») - Мұхаммед (с.а.у.) ұрпақтарының атауы (синонимдері «саййид»: «мір», «әмір» - Иран, Түркия, Ұндістан; «хабиб»: «сүйікті» - Сауд Арабиясы, Суматра; «сабапуш» - «жасыл киім киінген» - Үндістан). Шарифті Пайғамбардың немересі әл-Хасан ұрпақтары, ал саййидтерді оның інісі әл-Хұсайын ұрпақтары деп бөледі. Шариф термині бастапқыда мұсылман ақсүйектерін - арабтардың жаңа жерлерді жаулап алуы барысында пайда болған жаңа билеуші топ ретінде қалыптасқан белгілі әулет басшыларын атау үшін қолданылған. Шииттер насихатының ықпалымен Шариф термині бірте-бірте Мұхаммед (с.а.у.) ұрпақтарына - «ахл әл-Байтқа» («Үй адамдарына») қатысты көбірек қолданыла бастады. Бұл дәстүр діни қайраткерлердің келісілген пікірі арқылы орнықты, алайда ахл әлбайт ұғымының ауқымына байланысты ортағасырлық Исламда қымқиғаш пікірталас өрістеді. Шарифтерге құрмет көрсетілуі қажет болып есептелінді. Бұл Құран арқылы негізделді және Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) өз басын құрметтеудің бір көрінісі болып табылды. Шарифті ренжіткен адам жеккөрінішті болды, ал шариф тарапынан жасалынған зомбылыққа үнсіз бой ұсыну қажет болды, оларға көмектесу, кемшіліктерін жасыру, ал ракымшылдығын мадақтау, көңілі қадаған заттарын сыйға беру талап етілді.

Сондай-ақ, кедей Шарифке бай қыз тұрмысқа шықса ол өзін бақытты деп есептейтін болған, бірақ мұндай некелер санаулы болатын, себебі олардан туған бала Шариф деп аталмайтын. Шарифтердің ешқайсысы да Қиямет қайым күні жазаға тартылмайды, олардың барлық күнәлары кешіріледі деп саналды. Шарифтерді міндетті түрде намазға қосып отыру (ташаххуд) қажет болды. Ізгі тұрмыс-тіршілік кешкен шариф айналадағы адамдар санасында «қасиетті кісіге» (уәлиге) айналды. Сауд Арабиясының оңтүстігі мен Солтүстік Африкада Шарифтердің ғажайып емшілік қабілеттері туралы сенім таралды. Мысыр сұлтаны әл-Ашраф Шабанның 1371 - 1372 жылдары қабылданған жарлығы бойынша, сәлдеге салынатын жасыл белгі (шутфа) шариф киімінің оны ерекшелендіріп тұратын құрамдас бөлігі болып саналды. 1596 жылы Мысыр патшасы ас-Саййид Мұхаммед әл-Шариф (шәріп ас-Сайиид) кезінде Шарифтердің көк түсті сәлде орап жүруі қажеттігі туралы жарлық қабылданды. Діни қайраткерлер мұны орындауға болатын, бірақ ол міндетті емес деп жариялады. Шариф болып есептелетіндердің айрықша белгі ретінде жасыл түсті сәлде орауы барлық мұсылман әлемінде қабылданды, алайда қазір шарифтер ақ немесе көгілдір түсті сәлдені де орай береді. Қарапайым мұсылмандардан шарифтердің тағы бір ерекшелігі - оларға садақадан үлес алуға тиым салынды. Бұл ереже бірқатар хадистерғе негізделді. Аббасшылар дәуірінен бері Шарифтердің арасынан сайланатын нақып (араб. накиб) олардың басшысы болып есептелін келеді. IX ғасырда ірі-ірі қалалардың өз нақыптары пайда бола бастады, олар нақыптардың нақыбына (накиб аннукаба) бағынатын. Нақыл Шарифтің әулеттік талабының шынайьшығын ажырата алу үшін әулеттер шежіресін жетік білуге тиіс болды. Ол Шарифтердің мінез-құлқын қадағалан, олардың мүдцелерін қорғашта, Шарифтер иелігіндегі уакфтарды қадағалауға міндетті еді. Нақыптардың нақыбы, сондай-ақ сот міндетін, т. б. қызметтерді де атқарады. Орта ғасырлардан бастап Шарифтер барлық мұсылман әлеміне шашырай қоныстанды. Кейбір әулеттер Табарстанда, Дайламда, Батыс Арабияда, Йеменде, Мароккода, т.б. облыстар мен елдерде әртүрлі мерзімге өкімет билігіне ие бола алды. Алайда шарифтердің көпшілігі кедейшілікте ғұмыр кешті.<ref>Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}