Шандыр

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шандыр (фасция); (лат. fascia — шандыр) — бұлшық еттің дәнекер ұлпалық жұқа қабығы. Атқаратын қызметі мен орналасу орындарына байланысты шандыр: беткей (теріасты) шандыр және терең шандыр болып екіге бөлінеді. Беткей шандыр — организм бұлшықеттерін сыртынан қаптап жатқан тығыз дәнекер ұлпалық жұқа қабық. Беткей шандыр — қаңқа сүйектеріне бекімейді. Оның сыртқы және ішкі қабаттарының арасында теріасты бұлшықеттері болады. Терең шандырлар сүйектерге бекіп, жеке немесе бұлшықеттер тобын сыртынан қаптап, бұлшықеттердің бір бағытта жиырылуына көмектеседі. Сонымен қатар, олар тірек қызметін атқарып, бұлшықеттерді бір-бірінен бөліп тұрады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шандыр|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}