Шалқар құмы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Шалқар құмы — Нарын құмының орталық бөлігінде, Батыс Қазақстан (Жаңақала ауданы) және Атырау (Құрманғазы ауданы) облыстары жерінде орналасқан құмды алқап. Солтүстігінде Теректіқұм, Жаманқұм, оңтүстікнде (Құрманғазы ауданында) Қосдәулет құмды өңірі жатыр. Жер бедері ұялы-төбелі шағылдардан тұрады. Орта шенінде Ибраш, Шалқар, тағ басқа қоныстар мен қыстаулар орналасқан. Құмды шағылдар аралығында грунт суы жер бетіне жақын жатыр (5 — 8 м). Бұл жерлер шұратты келеді. Негізінен жусан, еркекшөп, сораң шөптер өседі. Жыл бойы жайылым ретінде пайдаланылады. <ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>
Сілтемелер
Дереккөздер
<references/>